«Супермамасита» атымен танылған белгілі блогер Әлия Байтұғаева 4500 теңгеге қызыл жіп сатты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Айтуынша, жіпті киелі орындарға барып оқытқан. Сондықтан да ол жол ашуға көмектесіп, сәттілік әкеледі.
Блогердің сөзіне сенсек, қызыл жіпті сатып алуға 77 мың адам ниет білдірген.
«Жіпті таққан адамның арманы орындалсын деп оны Дубай, Ташкент және еліміздің мешіттеріне барып, дұға оқыттым»,– деді ол.
Десе де, Әлия Байтұғаеваның іс-әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды.
«Аюдың табаны, қасқырдың тырнағы, мысықтың тасағы, жасыл шұлық, сары банан, қызыл жіп немесе шүберек Құдайдың маңдайға жазып берген ешбір сынағынан құтқара алмайды. Бізге тиісті берілген ырзық-несібені көтере алмайды немесе ҰБТ-дан жоғары балл алып бермейді. Қызметімізді жоғарылатпайды және бала туғызып бермейді деген ақиқатты дипломы түгілі аттестаты жоқ қойшының өзі әлдеқашан түсініп қойған секілді көрінетін. Сөйтсем, өкінішке қарай, осыған сенетіндер көп екен», — деді белгілі блогер Өркен Кенжебек.
ПІКІР ЖАЗУ