HALYQSTAN Telegram арнасының хабарлауынша, Сарыағаш ауданының білім бөлімінде сегіз жыл бойы бюджет қаражатын жымқырумен айналысқан.
Нәтижесінде 547 миллион теңгеден астам қаражат қолды болған.
“Өлі жандар” схемасына басшылар мен бухгалтерлер де қатысқан.
Сот алдында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын алдын ала сөз байласу арқылы жымқыру және талан-таражға салу айыбымен 11 адам жауап берді.
Іс материалдарына сәйкес, сотталушылар 2016 жылдың наурыз айынан 2023 жылдың маусымына дейін білім бөлімі мен аудан мектептерінде іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға жалақы аударып отырған. Бұл жылдар бойы жалғасып, бюджеттің қаржылық жүктемесін арттыра берген. Осылайша 547 млн 274 мың теңге жымқырылған.
Кейбір сотталушылар кінәсін мойындамаған, үшеуі жартылай мойындаса, тағы төртеуі қылмысын толық мойындап, шығынның өздеріне тиесілі бөлігін өтеген.
Сарыағаш аудандық соты сегіз адамды кінәлі деп танып, жетеуін 7 жылға бас бостандығынан айырды (екеуінің жазасы шартты деп есептелді), біреуіне 2 жыл жаза тағайындалды. Тағы екеуі 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру