Алматыдағы хайуанаттар бағында төтенше жағдай болды. «Приматтар» бөліміндегі Паша есімді шимпанзе қысқы қоршаудан жазғы қоршауға ауыстырылатын кезде, арнайы темір торды бұзып, вольерден сыртқа шығып кетті, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
«Өз аумағынан бөлектеніп қалғандықтан, стресстік жағдайға ұшыраған шимпанзе жүгіріп келе жатып зообаққа келушілердің арасында тұрған әйел мен кішкентай бала отырған қоларбаны итеріп жіберген. Бала жарақат алған. Зообақ фельдшері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Артынан жедел жәрдем шақырылды.Қазір баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Зоотехниктер мен ветеринарлар жағдайды реттеп, шимпанзені вольерге кіргізді. Зообақ басшылығы мен қызметкерлері зардап шеккен баланың ата-анасымен үнемі байланыста болады және қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын»,– деп жазды зообақ баспасөз қызметі.
ПІКІР ЖАЗУ