«Жерде домалап жылап жаттым»: Айнұр Тұрсынбаева жылдар бойы қиындық көргенін айтты

Фото: @aidyn_nury

Белгілі айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева жеке өмірінен сыр шертті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Айтыс өкілі осыдан тоғыз жыл бұрын ажырасып кеткенін айтты.

“2016 жылы Меккеге ауыр хәлде жеттім. Ажырасып, көп қарызға баттым. Дәл осы жерде домалап жылап жаттым. “Алла, мені берушілерден қылшы. Саған түк те емес, мені қуанту” дедім. Бірақ дұғам қабыл болады деп ойламадым. Осылай сорлап қаламын деп ойладым”, – деп бастады әңгімесін айтыскер ақын.

Одан кейін айтысқа қатысып жүргенде пойызбен көп жүргенін де айтып берді.

“Кейде жол жүргенде тиын болса да, үнемдейін деп пойызбен жүре беретін едім. Пойызда жолсеріктер танып, тегін шай мен тамақ беріп, мәз қылып қоятын. Бизнес бастайын десем, көк тиын жоқ. Тұрып жатқан пәтерден басқа сататын дымым жоқ. Айтыста қара тізімге кіргізіп тастаған. Қыз ұзатуға 200-300 мыңға шығып жүрдім. Оның өзінде ажырасқансың деп тойға шақырмайтын. Аяқтан тұруыма жеті жыл уақыт кетті. Жеті жылдың ішінде ақша жан-жақтан ағылып келе берді”, – деп жазды коуч-психолог.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...