45 жастағы америкалық Трейси есімді әйел он үш айда төрт рет ана атанған, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы The Sun басылымына сілтеме жасап.
Трейси 10 жастағы үлкен ұлы өзін жалғыз сезінетінін, бауыр керек екенін жеткізген. Ұлымен сөйлескеннен кейін, Трейси суррогат ананың көмегіне жүгінеді.
Алайда келісімшартқа қол қойған күні өзінің де жүкті екенін білген. Суррогат ана Пайпер және Пресли есімді егіздерді, ал өзі Харлоу есімді қыз баланы дүниеге әкелген.
Сол жылы Трейси қайта жүкті болып, бесінші баласын туған.
«Бұл – ғажап хикая. Менің бес балам бар, бірі жасөспірім болса, төртеуі әлі кішкентай және біз Нью-Йорктың қақ ортасында тұрамыз», — деді әйел.
Ozgeris.info порталы
Id like to thank you for the efforts youve put in penning this site. I am hoping to check out the same high-grade content from you in the future as well. In fact, your creative writing abilities has encouraged me to get my own site now 😉