Әнші Бақыт Шадаева кезінде Димаш Құдайбергенге үлкен сахнаға жолдама бергенін мәлімдеді. Ол әлем таныған Димаштың дауысы қойылмағанын алға тартты. Бұл туралы Шадаева Жан Ахмадиевке берген сұхбатында айтты.
Шадаева Құдайбергеннің талантын жоғары бағалайтынын атап өтті. Алайда техникалық тұрғыдан дауысы қойылмаған, деді.
«Әншілер көп, мектеп жоқ. Қойылым жоқ. Димаштың өзінде де қойылым жоқ. Құдай берген дауысы бар, бірақ, мектебі жоқ, дауысы қойылмаған. Өте талантты.
Оған үлкен жолдаманы мен бердім. «Жас қанат» байқауында барлық қазылар: «Мұндай дауысты әншілер құрысын, кетсін» деген. Сол кезде мен: «Димаштан артық талантты адамды көріп тұрған жоқпын», — дедім.
Бірақ дауысы қойылмаған адам алысқа бармайды деп қорқамын», — деді Шадаева.
Ол алдағы уақытта өнерлі балаларға арнап мектеп ашатынын хабарлады.
Ozgeris.info порталы
ПІКІР ЖАЗУ