«Басымда бірнеше несие болса да, ипотекаға үй алдым»: Роза Әлқожа отбасында қоныстой

Танымал әнші Роза Әлқожа ипотекаға жаңа пәтер алды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy-на сілтеп.

«Бүгін менің қуанышымда шек жоқ, өйткені ипотекаға үй алып жатырмын. Егер сіздер де мен сияқты басымда бірнеше несие бар деп уайымдасаңыздар ипотекаға үй алуға мүмкіндік барын біліңіздер. Біздегі мәселе — бірнәрсені қолдан қиындату, уақытылы бармау, ізденбеу. Бүгінгі қуанышым енді ерекше! Аллаға шүкір, сіздерге де жұғысты болсын!» – деді әртіс.

Желі қолданушылары оны жаңа қонысымен құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.

«Құтты болсын», «Шаңырағың берекелі болсын», «Құтты шаңырақ болсын», – деп жазады пікір білдірушілер.