Шымкентте бұрын 6 рет сотты болған курьер қыз зорлаған

Шымкенттік курьер қыз зорлап, 13 жылға сотталды, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласының қылмыстық істері жөніндегі ауданаралық сотында ер адамға сот үкімі шықты. Ол былтыр курьер болып жүріп жәбірленушімен танысқан. Әңгімесі жарасқан екеуі ішімдіктен ұрттап алып, отырыс соңы ұрыс-жанжалға, ұрып-соғуға ұласқан.

Сот мәліметтеріне сүйенсек, оқиға кезінде курьер қыздың кеуде тұсынан соққылап, денсаулығына қасақана зиян келтірген. Оған қоса еркінен тыс зорлап, жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған. Судья оны дәлел-дәйектермен кінәлі деп тапты.

«Бұл іс бойынша ер адам кінәлі деп танылды. Ауыр жазалардың бірі тағайындалды. Түпкілікті 13 жыл 6 ай мерзімге сотталды. Ер адам алты рет сотты болған. 2006 жылдан бері бұзақылық, қарақшылық, ұрлық қылмыстары бойынша сотталған. Бірнеше рет ауыр қылмыс жасаған. Бас бостандығын айыру мекемесінде жазасын өтеп шыққан. Пробациялық бақылауда жүріп, қылмыс жасаған», — деді Шымкент қаласының қылмыстық істері жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Аинель Орақбаева.

Айта кетейік, прокурор сотталушыны 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда судья сотталушының қылмыстарды қайта жасағанын ескере отырып, осындай жаза тағайындаған. Сондай-ақ, жәбірленушінің пайдасына 5 млн. теңге моральдық шығын өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…