«2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ресейдің 16 837 азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды», деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.
Ресейліктердің ең көбі – 2463 адам Қызылорда облысына тұруға келген. Алматыға – 2116 адам, БҚО -1677 адам, Қостанай облысына – 1525 адам тұруға рұқсат алған.
ІІМ мәліметтері бойынша, Ресей Федерациясы азаматтарының негізгі бөлігі – 8217 адам қызмет бабы бойынша қоныс аударған. 24 ақпан мен 13 сәуір аралығында Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға 677 өтініш берілген.
Бұған дейін Ресейдің 170-ке жуық азаматы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдіргені, әрі Қазақстанда тұруға рұқсат сұраған ресейліктердің саны көбейгені туралы айтылған болатын.
Ozgeris.info порталы
ПІКІР ЖАЗУ