«Мен қазақпын, бірақ отаным – Ресей» – бокстан әлем чемпионы Салтанат Меденова

Фото: IBA

Бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған ресейлік қазақ Салтанат Меденова «Матч ТВ» телеарнасына сұхбат беріп, өзінің ұлтына қатысты да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты El.kz-ке сілтеп.

Ол Қазақстанға қоныс аудару жоспарында жоқ екенін, отаны Ресей екенін айтты.

«Әлем чемпионы атану арманым еді. Ақша үшін емес, тұғырда тұрып әнұран орындауды армандайтынмын. Мен қазақпын. Маған қазақстандықтар «еліңе қайт» деп айтып жатыр. Бірақ менің елім, отаным – Ресей. Мен осында тудым, осында өстім және осында қаламын», — деді Салтанат сұхбат барысында.

Айта кетейік, бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионаты Сербияның Ниш қаласында өтті. 81 келіде жұдырықтасқан Салтанат Меденова екі қарсыласын техникалық нокаутпен жеңсе, финалда Түркияның даңқты боксшысы Исильдар Бурсадан басым түсті.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...