Батыс Қазақстанға ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

Фото: жергілікті тұрғындардан алынды

Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшатын аппаратқа ұқсас заттың табылуына байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, зат Тасқала ауданында елді мекеннен қашық аумақта құлаған.

«Зат тұтас күйінде табылған, ақауы байқалмайды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», — деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, аталмыш зат Қазақстан ауылдық округі Атамекен ауылынан 18 шақырым жерде 18 наурыз күні табылған. Оның ұзындығы 3 метр шамасында.

Бұдан дәл бір ай бұрын осындай зат Бөкей ордасы ауданы аумағына құлаған еді.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!