«Көндіре алмай жүргеніме он жыл болды»: Мақпал Жүнісова танымал продюсердің ұсынысын қабылдамады

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің өмірі туралы жоба жасағысы келетін продюсер Баян Мақсатқызының ұсынысын қабылдамағанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Продюсер халық әртісінің жеке өмірі мен шығармашылығына қатысты жоба жасағысы келетінін жасырмады.

“Біз әлемге танымал әйелдердің өмірін қызығып оқимыз. Елімізде де мықты әйелдер бар. Роза Рымбаева туралы фильм түсіргім келеді. Бірақ ол ұсыныстан бас тартты. Одан кейін Мақпал Жүнісова мықты әйелдердің бірі. Тағдырлы әнші. 10 жылдан бері көндіре алмай жүрмін. Үш күн бұрын жолықтық. Сол кезде “Мақпал, өміріңізден мемуар жазыңызшы” дедім. Ол бірден бас тартты. “Бүгін жарыққа шықпай-ақ қойсын, болашақта керек болады” дедім. Оның өмірін шығармашылық жолын халық білуі керек. Біз тірі кезінде ешкімді бағаламаймыз. Көзі кеткеннен кейін “Ол сондай адам еді” деп өкінеміз”, – деді Баян Мақсатқызы.

Жеке парақшасында халық әртісі ұсыныстың болғанын растап, продюсерге алғыс айтты.

“Баянға рақмет. Мен әлі оған дайын емеспін. Менің ешкімге ашпаған сырларымнан өзім де осы күнге дейін шошып оянамын. Халықтың да, жанкүйерлерімнің де жүрегін ауыртқым келмейді. Бастан өткен оқиғаларға көнген де, сенген де, төзген де – өзім. Шындығын ашсаң, тағы да болмайды. Өйткені көбі марқұм боп кетті. Қалған ғұмырымда жалғандық болмаса екен деп армандаймын», – деді халық әртісі.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец