Қарағанды облысында 15 жастағы қызды өгей әкесі 38 жастағы ер адамға күштеп тұрмысқа берген, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Қарағанды обылысының Абай қаласындағы оқиға туралы “НеМолчи” қоры мәлімдеді. Өгей әкесі 15 жастағы қызды 38 жастағы ер адамға күштеп тұрмысқа берген. Ер адам қызды бес күн бойы зорлаған көрінеді. Бесінші күні қыз үйден қашып шығып, туған әкесінің үйіне барған.
Қыздың туысының айтуынша, қыз анасы мен өгей әкесінің қолында тұрған, 9-сыныпта онлайн оқыған. Қыздың ата-анасы бұрын ажырасып кеткен екен.
«Әкесі жұмыс істейді, әрқашан балаларына қамқор болды. Қызы оны өте жақсы көреді, олар үнемі байланыста болды. Ол жиі әкесінің үйіне келіп тұратын. Қашып кеткен күні де ол бірден әкесінің үйіне барған», – дейді қыздың туысы.
Қыздың анасы екінші рет тұрмысқа шығып, бұл некеден тағы екі бала дүниеге келген көрінеді. Туысының айтуынша, қыздың анасы бұрыннан діни адам болған, бірақ радикалды көзқарастары байқалмапты.
«Мен олардың кім екенін білемін. Олар радикалдар. Олар үшін адам намаз оқымаса, оны имансыз деп санайды. Олар өзін мұсылмандармыз деп атайды, бірақ олардың исламмен ешқандай байланысы жоқ. Екінші некеде онымен не болғанын білмеймін, бірақ өгей әкесінің мұндай әрекет жасауға құқығы жоқ», – деп ашуланады ер адам.
Бес күндік зорлық-зомбылықтан кейін қыз «күйеуіне» үйіне барып, заттарын алып келуі керек екенін айтқан. Үйден шыға салысымен бірден әкесіне қашып барған.
Айта кетсек, Қарағанды облысының полиция департаментінің аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
“15 жастағы қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген 38 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті сот сараптамалары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған жәбірленушімен психологтар жұмыс жасауда», – делінген хабарламасында.
ПІКІР ЖАЗУ