Қуат Хамитов өзін Сабина Алтынбековамен «қосып жатқандарға» шүйлікті

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова ажырасқанын ресми түрде растаған соң, аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовке «бұл мүмкіндік» деп жатқандар көп. Өйткені қос спортшы бірнеше жыл бұрын Instagram желісіне бірігіп контент жасаған болатын, деп хабарлайды 1bol.kz.

Дегенмен, Қуаттың өзі көпшіліктің бұлы пікіріне шүйлікті.

«Жігіттер, мені белгілеуді доғарыңдар, мен сендерге қандай қыздарды ұнататынымды айттым», — деп жазды Хамитов өзінің Instagram-парақшасында.

Еске салайық, былтыр танымал файтер үйленетін пәк қыз таппай жүргенін айтқан болатын. Оның пікірінше, қазіргі қыздардың көбі «бұзылып кеткен».

«Әлеуметтік желідегі өмірі бір басқа, шынайы өмірде мүлдем басқа адам болып шығады. Көпшілігі алкоголь ішеді. Танысып, болашақты жоспарлайын десең, пәк болмай шығады. Мен ондай қыздармен байланысты бірден үземін. Маған жар болатын пәк қыз керек», — деген еді Хамитов сұхбаттарының бірінде.

Спортшының сөзінше, оның жүрегі әлі де бос.

«Жүрегім бос, оның үстіне карьера қуып жүрген жайым бар. Осыдан екі-үш жыл бұрын ата-анама үлкен үй салып бердім. Ендігі арманым – сол шаңыраққа жарымды алып бару. Артымнан өсіп келе жатқан бауырым бар. Бәріміз сол үйде тату-тәтті өмір сүрсек деймін. Болашақ жарым мені жақсы көрсе, мен оны жақсы көрсем болды ғой. Негізі жақсы көрген адам ата-анамды да сыйлайды. Бастысы, қарапайым, ақылды, қазақы тәрбие көрген қыз жолықса екен», — деді Хамитов.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…