Науқасқа атпен барған фельдшер оқиғаның қалай болғанын айтты

Әлеуметтік желіде науқасқа атпен баруға мәжбүр болған жедел жәрдем қызметкері туралы видео тараған болатын. Фельдшер Саят Мырзанов Sputnik Қазақстан тілшісіне сол күнгі оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Бұл оқиға 7 наурызда болған. Жетісу облысы Ақсу ауданы Алажиде ауылының жеке шаруа қожалығынан жедел жәрдем қызметіне шақырту түскен.

«Сол күні қар аралас жауын жауып, ауа райы тым қолайсыз болды. Алажиде ауылы жақтағы жеке шаруа қожалығында 43 жастағы әйел сырқаттанып қалыпты. Негізі ол жаққа жол бар, бірақ жауыннан кейін жол бұзылды», — дейді Жетісу облыстық жедел жәрдем бөлімшесі 5/6 бригадасының фельдшері Саят Мырзанов.

Әлеуметтік желіде кең тарап кеткен бұл бейнежазба мақтаныш немесе өз еңбегін көрсету үшін емес, басшылыққа тек есеп үшін түсірілген. Өйткені шақырту түскен науқасқа жету, жетпеу проблемасы басшылықты да алаңдатқан. Өйткені жолды қалың, әрі еріген қар көлік жүргізгісіз етіп тастаған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы