Сырым ауданында өзен деңгейінің көтерілуі көпірге зақым келтірді

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында қардың қарқынды еруі салдарынан Шідерті өзенінің деңгейі күрт көтерілді. Нәтижесінде, Ақсай-Жымпиты автожолының 27-шақырымында, Аралтөбе ауылы маңында, су негізгі өткелді жөндеу кезінде салынған уақытша көпірдің айналасындағы топырақты шайып кетті.

Қазіргі уақытта жағдай Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің тұрақты бақылауында. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция департаменті қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырып, аумаққа бақылау жүргізуде. Сонымен қатар, ҚР ТЖМ-нің 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өзен деңгейі төмендегеннен кейін уақытша көпірді нығайту мақсатында инертті материалдары бар қаптарды толтыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

— Жергілікті тұрғындар жедел хабардар етіліп, елді мекендерге қауіп төнбейтіні айтылды. Қазіргі уақытта Бөрлі ауданы Ақсай қаласы бағытынан баламалы жолдар қарастырылған. Су деңгейі төмендегеннен кейін көпірді қалпына келтіру жұмыстары бірден басталады, деп хабарлады ведомство.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны