Қызылорданың денсаулық сақтау саласы: Емханалардағы қиындықтар қашан шешіледі?

Қызылорда қаласының тұрғындары сапалы медициналық қызмет алуда бірқатар қиындықтарға тап болып отыр. Бұған басты себеп – емдеу мекемелерінің ескірген ғимараттары мен материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі. Көптеген емханалар арнайы салынған ғимараттарда емес, бейімделген нысандарда орналасқан. Бұл жағдай науқастар үшін де, медицина қызметкерлері үшін де қолайсыздық тудырады. Сонымен қатар, мүгедектігі бар жандардың ғимараттарға кіруі қиын, себебі кейбір нысандарда лифт қарастырылмаған.

 

Жақында Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерімен бірге қаладағы медициналық мекемелердің жағдайын тексерді. Олардың алғашқы аялдамасы – №1 емхана болды. Бұл емхана қазіргі уақытта 32 мың қала тұрғынына қызмет көрсетуде. Алайда ғимараты ескі, бастапқыда медициналық мекеме ретінде салынбаған. Бейімделген бұрынғы жатақхана болғандықтан, дәліздері тар, кабинеттері талапқа сай жабдықталмаған. Бұл өз кезегінде дәрігерлер мен емделушілерге қолайсыздық туғызуда.

Тұрғындар емханаға жеделсаты орнату және қосымша ғимарат салу мәселесін көтерді. Қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаевтың айтуынша, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүріп жатқанымен, бұл жеткіліксіз. «Емхана жанында қосымша бос жер бар. Сол жерге жаңа ғимарат салып, балалар мен қарттарға арналған кабинеттерді сонда орналастыру қажет. Бұл мәселе талқылануда», – дейді ол.

 

Одан кейін депутаттар қалалық орталық емхананың жағдайымен танысты. Бұл нысан 2022 жылы маусым айында ашылғанымен, мұнда да бірқатар мәселелер бар. Атап айтқанда, емхананың шатыры тозған, жаңбырлы күндері төбеден су ағады. Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін бөлімдер бар. Дәрігерлердің жетіспеушілігі мен заманауи медициналық жабдықтардың тапшылығы да басты мәселелердің қатарында.

 

Орталық емхананың бас дәрігері Р. Бактибелина депутаттарға өзекті мәселелерді жеткізді. Ол КБИ мөлтек ауданындағы Жаппасбай батыр көшесінен филиал ашу қажеттігін және шеткі аймақтарда орналасқан филиалдарға күрделі жөндеу қажеттігін мәлімдеді.

Депутаттар алдағы уақытта қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында «Қалалық емханалар мен ауылдық елді мекендердегі емдеу ұйымдарының халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуі және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» мәселесін талқылайтындарын айтты. Бұл шаралар Қызылорда тұрғындарының сапалы медициналық көмек алуын қамтамасыз етуге қаншалықты ықпал ететінін уақыт көрсетеді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…