«Балаңыз енді оянбайды»: Көкшетауда алаяқтар балабақша ата-аналарын шошытты

Көкшетауда белгісіз алаяқтар балабақша тәрбиешісінің нөмірінен ата-аналарға үрейлі хабарламалар жіберген. Бір ана баласының өлімі туралы сұмдық хабарлама алып, есінен танып қала жаздаған.

Ол тәрбиешіге WhatsApp арқылы ұлының ұйқыдан қашан оянатынын сұрап жазған. Алайда жауап ретінде сұмдық мәтін келген: «Сіздің ұлыңыз енді оянбайды, оны терезеден итеріп тастады».

Жүрегі аузына тығылған ана балабақшаға жүгіріп барған, бірақ онда бәрі орнында болып шыққан. Кейін анықталғандай, тәрбиешінің нөмірін алаяқтар басып алған.

Осындай мазмұндағы хабарламалар басқа ата-аналарға да жіберілген. Жәбірленушілердің бірі чаттағы жазбалардың скриншотын жариялап, бұл қылмыстың ауқымды екенін көрсетті.

Полицияға бұл туралы әзірге ресми өтініш түспегенімен, құқық қорғау органдары жағдайды тексеріп жатқанын мәлімдеді. Ақмола облысының Полиция департаменті факті расталса, тиісті шаралар қолданылатынын хабарлады.

Алаяқтардың бұл әрекеті – жаңа қылмыстық схема. Олар тәрбиешілердің нөмірін бұзып, ата-аналарға балалар туралы қорқынышты хабарламалар жібереді. Бірақ мұның мақсаты не? Қылмыскерлердің түпкі ойы әлі түсініксіз.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом