Экс-депутат мемлекеттен алған жүздеген миллион теңгені казиноға жұмсаған

Фото: pixabay

Алматы облысы бойынша ҚМА департаменті Қарасай ауданы мәслихатының бұрынғы депутатына қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру фактілері бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Zakon.kz порталына сілтеп.

Күдікті 947 млн теңгеге элиталық «Награда» таңқурай көшеттерін сатып алғаны туралы жалған құжаттар ұсынып, заңсыз жолмен 474 млн теңге субсидия алған. Ақшаны жылыстату үшін 21 жеке кәсіпкермен жалған келісімшарт жасап, 431 млн теңгені қолма-қол шешіп алған.

Ол жұбайының атынан бағалы қағаздармен операциялар жүргізіп, қосымша 89 млн теңге пайда тапқан.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа Алматыдан пәтер, Toyota Highlander автокөлігін сатып алып, 170 млн теңгені Қонаевтағы казинода ұтқызып жіберген.

Күдіктінің мүлкіне, бағалы қағаздарына және 50 млн теңгеге тыйым салынды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…