Журналист Айбек Жұқанұлы: «Қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою керек»

pikabu.ru

Бүгін Бурабайда Ұлттық құрылтай өтіп жатыр. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, елді алаңдатып жүрген бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды. Журналист Айбек Жұқанұлы құрылтайдағы талқылаулардан өзіне ерекше әсер еткен жайттармен бөлісті.

Оның айтуынша, Президент құрылтай қатысушылары көтерген өзекті тақырыптарды қолдап, олардың қоғам үшін маңыздылығын атап өтті.

«Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи еліміздегі діни ахуалға алаңдаушылық білдірді. Құрылтай мүшелері Дания Қыдырбаева мен Олжас Сүлеймен жат діни ағымдардың жастар арасында, әсіресе спорт саласында белсенділігі артып келе жатқанын айтты. Осы ретте олар қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою қажеттігін ерекше атап өтті. Бұл пікірлермен мен толық келісемін», – деді Айбек Жұқанұлы.

Президент те бұл мәселенің маңыздылығына тоқталып, дін бостандығына кепілдік берілгенімен, жүгенсіздікке жол беруге болмайтынын баса айтты. Мемлекет басшысы діннің ең басты миссиясы – ұлтты біріктіру екенін еске салып, діни ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттар осы талаптарға сай болуы керектігін жеткізді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...