«Трансгендер болсам да Ораза ұстадым»: блогер Амилай хиджаб киген фотосын жариялады

Танымал қазақстандық блогер және трансгендер Амилай қайтадан жұрт назарында – бұл жолы ол хиджаб киіп, әлеуметтік желілерде қызу талқылауға себеп болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Амилай өз таңдауын түсіндіріп, хиджаб киюді келемеж ретінде қабылдамау керектігін атап өтті. Оның айтуынша, ол Рамазан айында ораза ұстап жүр және ең маңыздысы – шынайылық пен ниеттің тазалығы. Сондай-ақ, ол хиджабтағы кейбір қыздардың өзін лайықсыз ұстайтынын көргенін айтып, адамдарды сыртқы келбетіне қарап бағаламауға шақырды.

«Оразаларыңыз қабыл болсын. Орамал таққандардың барлығы періште емес! Мен орамал тағып ішіп, шегіп клубта жүрген жоқпын. “неге мазақ қыласың?” дегендерге жауап. Мен транс болсамда Ораза нәпсімді тиіп Ораза ұстап жүрмін. Қаншама (кейбір) қызды көрдім орамал тағып боқтасып ішіп, шегіп жүрген вот соларға қорлап жүр деп айтуға болады!» – деп жазды блогер.

Бұдан бөлек, Амилай қасиетті айда қайырымдылықпен айналысып, мұқтаж отбасыға азық-түлік жеткізді. Ол игі істер жасау үшін көп қаражаттың қажет емес екенін еске салып, материалдық көмектен бөлек, жылы сөз бен қолдаудың да маңызды екенін айтты.

Амилайдың әрекеті қоғамда әртүрлі пікір тудырды. Бірі оны қолдап, ең бастысы – жүректің тазалығы екенін алға тартса, енді бірі оның ісіне күмәнмен қарап, сын айтты.

«Орамал тағу – міндет емес», «Басыңа орамал таққанша, жігеріңді жинап, еркек болуға тырыс. Өмір сен ойлағандай емес», «Астағфируллах. Сенің кесіріңнен енді хиджаб киген қыздарға да жаман көзбен қарайды», «Ең бастысы – жүрек пен ниет. Қабыл болсын», «Кеше ғана клубта жүрген, бүгін тақуа болыпты», «Адамның күнәсін көресің, бірақ оның шынайы тәубесін байқамайсың. Алла өзі қалаған пендесін тура жолға салады», «Тіпті Амилай да хиджаб киіп алды», «Алла жүрегіңді ақиқатқа бұрсын» – деп жазды желі қолданушылары.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Амилай Баймуратова (@amilai.kazashka)

АҚПАРАТ NEWTIMES.KZ САЙТЫНАН АУДАРЫЛДЫ

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей