Футболдық клубтар бюджетке тәуелді болмауы керек – президент Тоқаев

фото: akorda.kz

Президент кәсіпкерлерді футболға инвестиция салуға шақырып, клубтарды жекешелендіруді қолдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы клубтық футболды коммерцияландыру қажет екенін мәлімдеп, командалар тек облыстық бюджетке сүйенбеуі тиіс екенін атап өтті.

«Клубтар облыстық бюджетке ғана үміт артпауы керек, өз бетінше табыс табуды үйренуі қажет. Бұл – әлемдік тәжірибе», – деді президент Ұлттық құрылтай отырысында.

Тоқаев кәсіпкерлерді футболға бизнес ретінде қарауға шақырып, клубтар жекешелендірілмейінше жағдай өзгермейтінін жеткізді.

«Жекешелендірусіз бұл мәселе шешілмейді, әлемдік тәжірибе соны көрсетіп отыр. Егер клубтар жеке меншікке өтсе, олар шетелдік спортшыларды шақыруға мүмкіндік алады», – деді ол.

Президент тиісті министрлікке, Футбол федерациясына, жергілікті билік органдарына және кәсіпкерлерге клубтық футболды коммерцияландыруды бастап, жеке инвестиция тарту механизмдерін әзірлеуді тапсырды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!