Дариға Назарбаева «Астана Опера» театрының қамқоршылық кеңесінің құрамынан шығарылды, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты Ашық НҚА» порталына сілтеме жасап.
Мәдениет және ақпарат министрлігі 2013 жылғы 22 мамырдағы №512 «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы үкімет қаулысына өзгерістер енгізіп жатыр.
Өзгерістер театрдың Қамқоршылық кеңесі құрамына қатысты. Атап айтқанда, кеңестен бірқатар тұлғаларды шығару ұсынылып отыр. Олардың ішінде Мәжілістің бұрынғы депутаты Дариға Назарбаева, кәсіпкерлер Тимур Құлыбаев, Кеңес Рақышев және Нұрлан Смағұлов, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, сондай-ақ ERG акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиев бар.
«Бұл өзгеріс Қамқоршылық кеңес құрамын қазіргі кадрлық құрылымға сәйкестендіру қажеттілігімен байланысты», – делінген қаулы жобасының негіздемесінде.
Құжат 3 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.
ПІКІР ЖАЗУ