Елде құрылыс басталса соңы жемқорлыққа айналады: Дарбаза – Мақтаарал теміржолының құрылысы қазір қандай деңгейде

Фото: qazaquni.kz

Өткен 2024 жылдың аяғында, 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту туралы» тақырыбында Үкімет сағаты өткен еді. Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев баяндама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берген. Сұрақ өте көп болды. Сондықтан 3 сағаттың ішінде депутаттардың жартысы ғана сұрақ қойып, сөйлеп үлгерді.

Сол шектелген уақытқа сыймаған сұрақтарын депутаттар Көлік министрі Марат Қарабаевқа жазбаша жіберген.

«Жол саласында жолға қойылған жемқорлық қашан жойылады?», — делінген мәтінде.

Қазақта «Жол азабы мен көр азабы бірдей» деген мақал бар. Атырау мен Астрахан арасындағы жыр болған 100 шақырымдай жолмен жүргендер оның азабын айтып тауыса алмайды. Көрші елдің соғыстан қашқан қашқыны Атыраудың жол азабын көргенде, «Бұдан да соғыста өлгенім, көр азабын көргенім жақсы екен» ғой, дегені ащы шындық…» Иә, «Жол мұраты –жету»-десек, біздегі сапасыз жолдармен жүргенде бұл мақалды ұмытып қаласың.

Жол жағдайы жақсарса, ел жағдайы да жақсарады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға қарай жолдардың 95 пайызы жөнделіп бітуі қажет.

«Дарбаза – Мақтаарал» теміржолының жайы. Бұл Жетісай, Мақтарал және Шардара аудандарындағы 500 мыңға жуық халықтың күтіп отырған күрделі мәселесі.

Осыдан 3 жыл бұрын 2021 жылы депутаттық іс-сапармен Түркістан облысы Жетісай, Мақтарал аудандарына барғанда, жергілікті тұрғындардың сұрауымен Дарбаза мен Мақтаарал ауданы арасына теміржол тарту, Жетісай мен Шардараның біріне әуежай салу мәселесі көтерілген еді.

Бұл мәселені сол кезде «МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНЕ ТЕМІРЖОЛ мен ӘУЕЖАЙ КЕРЕК?» деген тақырыпен республикалық баспасөзде, «Қазақ үні» газетіне жариялап, Үкіметке жолданған. Былтыр, 2023 жылы күзде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Түркістан облысында ұзындығы 152 шақырым болатын Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды.

Біріншіден, осылай республиканың көліктік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда.

Екіншіден, Түркістан облысын республиканың магистральдық теміржол желісіне қосу арқылы оның дамуына үлес қосады.

Үшіншіден, қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы кедендік өткізу пункті ашылады.

Төртіншіден, Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын тағы бір буын – жаңа теміржол желісінің салынуы Сарыағаш стансасы мен «Жібек жолы» кеденіндегі кептелістерді азайтып, Өзбекстанға экспорттық жүк тасымалдауды арттырады.

Бесіншіден, Жетісай, Мақтарал және Шардара аудандарындағы 500 мыңға жуық халықтың көрші туысқан елмен барыс-келіс, алыс-берісін арттырады.

Алтыншыдан, темір жол құрылысын салуға қазір 3,5 мың адам жұмысқа тартылуда. Ал теміржол желісі іске қосылғанда 600 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

«Бізде бір құрылыс басталса, аяғы сұйылып, созылып кетеді. Әсіресе, бұл жол саласында әдетке айналып кеткен. Сондықтан елді мазалаған басты сұрақтардың бірі — Дарбаза – Мақтаарал теміржолының құрылысы қазір қандай деңгейде? Қашан толық аяқталып, іске қосылады?», — делінген хабарлама мәтінінде.

Депутаттық сауалға көлік министрлігі жауап берді. Айтуларынша, казіргі уақытта учаскелерде топогеодезиялық және геологиялық-іздестіру жұмыстары аяқталды, 25 км жұмыс кестесіне сәйкес жер жұмыстары орындалды. Байланыс базаларында 95 км рельсті шпал торлары жиналып, төсеуге дайындалды.

Жобаны 2026 жылдың соңына дейін аяқтау және пайдалануға беру жоспарлануда.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы