«Аяғын жылы суға салып, тырнағын алып бер»: Айдарбекова келін енеге қалай қызмет ету керегін айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова НТК арнасына берген сұхбатында ене мен келін тақырыбын көтерді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Медиа маманның айтуынша, адамды адам құрметтеп, сыйлау керек. Өмірдің мәні де сол жерде жатыр.

«Мен келіндеріме ешқашан ұрысып көрмеппін. Сағат нешеде тұрса да өздері біледі. Арасында сенің қолыңнан шай ішкім келеді деп айтатын кездерім болады. Өйткені мен қиындық көрген адаммын. Еркелеп өсіп, қатал жерге бардым. Енемді айтып анама жылап барғанымда: Бәрін ақылмен істе, жылы сөйле. Тіпті болмай жатса, аяғын жылы суға салып, тырнағын алып бер, деген. Соны миыма құып алғанмын, енем не істесе де мен оны жақсы көре бастадым. Содан кейін мені жақсы көріп кетті. Қайтыс болар кезінде де сандығына ақ орамал салып, Гүлзираға беріңдерші, деп кеткен. Кейін Жұлдыз келін болып түскенде сол орамалды жапқам. Блогерлердің бәрі ене мен келінді айдақтап қояды ғой. Ал адамдар бүгін бар, ертең жоқ. Сол үшін құрметтеу керек. Ұлдарыма да айтамын ешқашан ата-енелеріңнің бетіне келмеңдер деп. Байлық та басқасы да қалмайды, қалатыны сол құрмет, — деді продюсер.

Айдарбекованың бұл сөзіне желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.

«Менің келінім Тараздың қызы. Аяғымның тырнағына дейін алып береді», «Өтірікті ұрып отырсың ғой, Гүлзира», «Миы бар енелер келінмен ұрыспайды», «Өте дұрыс айтасыз», «Санасы жоқ келін ештеңеге көнбейді», — деп жазды көпшілік. 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…