Қазақстанда даулы тақырыптарға арналған жаңа баспа іске қосылды

Елімізде Ricochet атты жаңа баспа ашылды. Ол орыс тіліндегі өзекті кітаптарды шығарумен айналысады. Алайда бұл баспаның алғашқы жариялаған еңбектері Қазақстан қоғамында қызу пікірталас тудыруы мүмкін.

Ricochet алғашқы басылымдарының бірі – тарихшы Сергей Бондаренконың «Потерянные в памяти: общество „Мемориал“ и борьба за прошлое в России» атты кітабы. Онда Ресейдегі «Мемориал» қоғамының қызметі мен саяси қуғын-сүргін тақырыбы көтерілген. Қазақстанда бұл мәселе өзекті болғанымен, шетелдік көзқарастың басым болуы күмән тудырады.

Сондай-ақ баспа тарихшы Рустам Александердің «Закрытые. Жизнь гомосексуалов в Советском Союзе» атты кітабын шығарды. Кеңес дәуіріндегі гомосексуалдардың өміріне арналған бұл зерттеу посткеңестік елдерде әртүрлі реакция тудыруы мүмкін. Ал жақында сатылымға шығатын Саша Казанцеваның «Сам секс. Как обсуждать, получать и доставлять удовольствие» кітабының мазмұны да Қазақстан қоғамында қабылдана қоюы екіталай.

Ricochet-тің бағыты мен таңдаған тақырыптары Қазақстандағы дәстүрлі көзқарастарға қаншалықты сәйкес келеді? Бұл баспа шынайы білім таратуға үлес қоса ма, әлде қоғамда кезекті даулы пікірталастар туындата ма?


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора