«Мешіт имамына ескерту жасалды»: ҚМДБ желіні шулатқан видеоға қатысты пікір білдірді

Фото: видеодан скрин

Күні кеше басылым беттерінде Сарыағаш медресесінің бас ұстазы Әбужаппар Сманов шәкірттеріне аяғын уқалатып қойған деген ақпарат желдей ескен еді. Әлеуметтік желілерде шәкірттерінің алдында талтайып отырған имамның ерсі қылығына қатысты пікір білдіргендер де көп болды, деп жазады ozgeris.info сайты.

Осыған қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы пікір білдірді.

«Мешіт – құлшылық үйі, жамағат жиналатын рухани орда, қасиетті мекен, тәрбие орны. Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс. Бұл – мұсылманның көркем мінезінің бір.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады», — деп жазды ол.

Ағабек Қонарбайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман жамағатын құлшылық үйлерінде дауыс көтеріп сөйлемеуге, әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге, ұрыс-керіс жасамауға шақырады. Жамағатты барынша мешіт әдебін сақтауға үндейтінін жеткізді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…