Қазақстанның ЖІӨ-і есептік кезеңде 5,4%-ға өсті. Тауар өндірісі мен қызмет көрсету секторында оң динамика байқалады. Өнеркәсіптік әлеуетті ашу бойынша жүргізілген жұмыс өнеркәсіп өндірісінің көлемін 5,7%-ға арттыруға мүмкіндік берді, – деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Мәліметтерге сәйкес, өңдеу өнеркәсібіндегі көрсеткіш 8,9%-ды құрады. Негізгі салалар арасында машина жасау (18,2%), азық-түлік өндірісі (13,1%), құрылыс материалдары (21,6%) және металл бұйымдары (20,1%), сондай-ақ химия өнеркәсібі (9%) атап өтілді. Тау-кен өнеркәсібінде өсім 4,1% деңгейінде болды.
Құрылыс саласында жоғары қарқын сақталды, орындалған жұмыстар көлемі 408,1 млрд теңгені, нақты көлем индексі 112,8%-ды құрады. Сауда саласында өсім динамикасы 6% болды, көлік және қоймалау қызметтері 21,3%-ға артты.
Жалпы, көтерме сауда кәсіпорындарының үлесі жоғары болғаны атап өтілді. Атап айтқанда, астық, тұқым және мал азығы (5,8 есе өсім), фармацевтикалық тауарлар (44,6%-ға), автокөліктер мен жеңіл автотранспорт құралдары (38,8%-ға) бойынша өсім байқалды. Астық тасымалы 43%-ға артып, 2,4 млн тоннаға жетті, ал ұн тарту өнімдерін тасымалдау 12%-ға көбейді.
Қосылған құны жоғары өнімдердің экспорты, соның ішінде құрама жем, бес есеге өсіп, 273 мың тоннаны құрады (2024 жылы – 56 мың тонна), ал өсімдік майының экспорты 28%-ға артып, 94 мың тоннаға жетті.
ПІКІР ЖАЗУ