Шерхан Мұртаза тұрған үй музейге айналады

Фото: inform.kz

Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылында тұрған үйі музейге айналады, деп хабарлайды «ozgeris.info» «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Бұл туралы мәслихат депутаттарымен кездесу кезінде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.

Облыс әкімі Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойын тиісті деңгейде атап өту үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын, тұлғаның Жуалыда өзі тұрған үйінде музейі ашылатынын атап өтті.

Бұдан бөлек өңірдегі төрт мектеп қабырғалы қаламгердің есімін еншілеген. Біртуар тұлғаның ескерткішін салу мәселесі де қаралуда.

 

«ozgeris.info»


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...