Президент Олжас Бектеновті қабылдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Мемлекет басшысына еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Үкімет қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде баяндалды.

Президентке экономиканы әртараптандыру мен нақты сектордағы ауқымды бағдарламаларды қолдау арқылы ынталандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды. Сондай-ақ Премьер-Министр жылыту маусымын өткеру, көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы айтты.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнесті дамыту және жеке инвестиция тарту үшін басқарудың заманауи цифрлық тәсілдерін енгізу бағытындағы Үкімет жұмысы жөнінде ақпарат берілді.

Кездесу соңында Президент Премьер-Министрге экономиканың қарқынды өсімін және әртараптандыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Инфрақұрылымды жетілдіруге, энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға қатысты міндеттерді іске асыру мақсатында жүйелі шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

«Аманатқа қиянат жасады»: Камазист-композитор белгілі әншінің құйтырқы әрекетін әшкере қылды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

TikTok желісінде «композитор ағай» атымен танымал Арысбек Бағдаулет белгілі әнші Әділет Жауғашардың өзінің аманатына қиянат жасағанын айтты, деп жазады ozgeris.info сайты.

Композитордың сөзінше, Төреғалидің «Үйге қайтамын» деген әнінің идеясын өзі ұсынған екен.

«Өзім КамАЗ жүргіземін. Әншілермен көп байланысым жоқ. Осы әннің идеясы шыққан кезде Әділет Жауғашарға хабарласып, Төреғалиға тыңдатуын сұрадым. Бірақ ол аманатымды орындаудың орнына өзі Рамазан Амантайға сөз жазғызып Мұхтар Ханзадаға беріп жіберген. Өзім алғаш естігенде төбемнен жай түскендей болды», — деді ол.

Ол шындықты халыққа айтуға ұйғырған.

«Өзім жұмыста үйді сағынып жүріп жүректен шығарған әнімді Әділет Жауғашар Төреғали Төреәліге тыңдатпай өзі сол идеямен басқа ән шығаруы жігіттікке жатпады. Аманатқа қиянат жасалды! Шындығы осы», — деді композитор.

@arysbekbagdaulet “Қайтамын үйге” әні жайлы. 1-бөлім #қайтамынүйге #үйгеқайтам #әділет_жауғашар #төреғалитөреәлі #адилетжаугашар #adiletzhaugashar #тенгиз #атырау #ақтау #аманатқақиянатжасама #рек #шындықтанқашаалмайсың ♬ оригинальный звук — КОМПОЗИТОР АҒАЙ