«Ұлттық банк төрағасы да министрлер де “ақшаларыңды теңгемен сақтаңдар, депозиттегі проценті көп” деп көтенімізге көпшік қояды. Ал, зейнетақы қоры біздің ақшаның 40 пайызын долларға салған. Бағам өзгергенде ұтылып қалдық деп жер шұқып отыр енді. Зейнетақы шоттарыңды бір тексеріп қойыңдар. Бәрінде минус көрсетіп тұр дейді. Өзім өткенде тіс емдетем деп шешіп алғаным ақыл болыпты деп отырмын. Жинақ ойда жүргенше, жылтырап ұртымызда жүргені жақсы емес пе?!», — деді ол.
Айта кетейік, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қаңтарда 284,86 миллиард теңгеге минусқа кетті.
«Негізгі себептері – теңгенің АҚШ долларына қатысты525,11-ден 518,14 теңгеге дейін нығаюынан болған валюталық қайта бағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарының (МБҚ) нарықтық құнының, олардың кірістілігінің орташа есеппен 40 базистік пунктке өсуі аясында төмендеуі. Сонымен қатар, шетелдік нарықтарда сатып алынған активтердің де нарықтық құны азайды», – деп түсіндірді БЖЗҚ.
Бұдан бұрын халық зейнетақы қорымыздағы ақша ұрланып жатыр деп шулай бастаған. Халық тіпті басшылықты жұмыстан қуу керек деген талап та қойған. Толығырақ: «БЖЗҚ басшылығын жұмыстан қуу керек»: Халықтың зейнетақы қорындағы ақшалары ұрланып жатыр
ПІКІР ЖАЗУ