Жамбылда полиция бөлімі басшысының орынбасары ұсталды

Фото: gov.kz

Лауазымды қызметкер «ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды» деген күдікке ілінген, деп жазады ozgeris.info сайты.

«Қылмысты жасыру аудан аумағында болған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырылған. Жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен күдіктінің іс-әрекеті ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен сараланды (ауыр қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасыру)», – деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.

Яғни, Прокуратура Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігі бойынша «ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды» деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Ол ҚПК-нің 128-131-баптарына сәйкес ұсталып, оған қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей