Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасындағы жанжал қайғылы жағдайға әкелді – 9-сынып оқушысы сыныптасын өлтірді деген күдікке ілініп, қамауға алынды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, абайсызда кәмелетке толмаған баланың өліміне әкелген қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция.
Сонымен қатар бұл қылмысқа қатысы бар тағы екі адам анықталған. Сот олардың әрқайсысына үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Полиция облыстық білім басқармасына ресми хабарлама жіберген. Ал ювеналды полиция қызметкерлері оқушылар арасындағы осындай оқиғалардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстарды күшейтетінін хабарлады.
ПІКІР ЖАЗУ