Экс-шенеунік Бишімбаев мекеме әкімшілігіне қатысты сотқа арызданды. Ол өз өтінішінде оған заңды түрде көтермелеу шарасының берілмегенін айтып шағымданды, деп хабарлайды Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
«Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, жазасын өтеуші тәртіп бұзған жағдайда оған ешқандай көтермелеу шарасы қолданылмайды», – деп түсіндірілді хабарламада.
Қосымша мәлімет бойынша, Бишімбаевтың жазаны өтеу барысында бір тәртіп бұзушылығы болған, сондықтан оған көтермелеу берілмеген.
Алайда сот оның талап-арызын қанағаттандырмады.
ПІКІР ЖАЗУ