«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кетті

Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды ozgreris.info тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметі мәлімдегендей, оның өкілеттігі берген өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Құрманғазы Орынғазыұлы Есқазиев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.