Андас батыр шекара заставасында жоғалып кеткен 19 жастағы сарбаз Ұлықбек Бердішевтің денесі Қырғызстандағы тау басынан табылды. Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай жазды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
«Сол маңдағы қойшы әскери киімдер тапқанын шекарашыларға хабарлаған. Киім ізімен барған туыстары жартастың ұшар басында ілініп тұрған Ұлықбектің денесін көрді. Өте өкінішті… Небәрі 18 жасар жігіт бір үйдің үлкені, бір үйдің үміті еді… Артында аңырап анасы, тау басында есеңгіреп ауру әкесі қалды. Қазалыдағы үйінде 2 інісі мен 2 қарындасы Ұлықбек ағам әскерден келеді деп күтіп отыр. Оқиғаның нақты қашан, неге болғанын арнайы әскери сот-сараптама анықтайды»,– деп жазды ол.
Қазіргі таңда Қырғыз Республикасы Шу облысы Панфилов ауданының АІІБ тергеу іс-шараларын бастады.
Айта кетейік, сарбазға механикалық асфиксия диагнозы қойылып отыр.
ПІКІР ЖАЗУ