QazForum 2021 қазақтілді контентке сенім ұялатты

2021 жылдың 5 қарашасында елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында QazForum 2021 өткен болатын. Қазақша онлайн контент жасаушылардың V форумына барлық өңірден БАҚ өкілдері, блогерлер, онлайн контент туындысын жасаушылар қатысты.

Форумды ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева ашты. 

«Бүгінгі таңда мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тілдегі контенттің үлесі 78% құрап отыр. Оның ішінде телеарнадағы контент 79.2%, баспа басылымдары 84.50% және интернет ресурстарда 59.81%. Осыдан 10 жыл бұрын мемлекеттік тілдегі ақпарат тарататын 6 сайт ғана болса, бүгінгі жағдай мүлдем бөлек. Қазіргі таңда отандық интернет медианың шамамен 14% үлесін қазақ тілді сайттар құрап отыр»,– деді министр.

Айтуынша, соңғы екі жыл ішінде 46 қазақтілді сайт ашылған екен. 

Кейін сценарист Нұрмахан Мұғанұлы, шоумен, продюсер Марат Оралғазин, factcheck.kz сайтының бас редакторы Думан Смақов, Salem Social әлеуметтік медиасының шығармашылық продюсері Бұхар Марат, «ZTB Media» негізін қалаушы Марғұлан Тұрсынов сынды тұлғалардың қатысуымен  «Пандемиядан кейін қазақтілді онлайн контент қалай өзгерді?» атты панельдік пікірталас өтті. Ондағы басты тақырып COVID пандемиясының медиа алаңға әсері мен инфодемия туралы болды. 

Пікірталасты Нұрмаған Мұғанұлы бастап, әңгіме барысында подкасттың маңыздылығын, форматы мен қызығушылығын атап өтті . Ол соңғы жылдары қазақ тіліндегі StandUp өз өрісін алып келе жатқанын айтты.

«Орташа есеппен алғанда 400-500 мың қаралым жинап, тыңдау форматындағы контент дамып келе жатыр»,– дейді сценарист.

Ал ZTB негізін қалаушы Марғұлан Тұрсыновтың айтуынша, платформа жағдайы қатты өскеріске ұшырамаған. Тек жарнама саны көбейіп, ақпарат бір типті болған. 

Керісінше, оқырмандары көбейген, 86 әлемдік мойындалған ресурстардың бірі – factcheck.kz сайты. Тіпті осы платформаға жұмыс атқаратын журналисттердің саны екі есе көбейген.  Salem Social  әлеуметтік медиасының қазақтілді көрермендері 80% өсіп, сол стататистиканы ұтымды пайдаланған.  

«Пандемия кезінде теледидар бұл сәтке дайын болған жоқ. Себебі бүкіл халық үйде отырды. Енді олар не істейді? Бір нәрсені қарау керек. Назарын бір жерге аудару керек. Теледидарда контент жоқ. Сондықтан жаппай түрде халық Youtube, түрлі басқа платформаларға көшіп кетті»,– деді Марат Оралғазин. 

Оның айтуынша, өзінің Youtube арнасында 2019 жылы 600.000 жазылушы болған, ал пандемиядан кейін жазылым саны екі есе көбейген.

Екінші «Тәуелсіздік кезеңіндегі жаңа медиа толқыны» атты панельдік пікірталасты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин ашты. Ол бұрынғы  форумдарда қатысушылар бір тақырыптың төңірегінен шықпай, сайттар неге аз деген секілді мәселерді «езгілей» бергендерін жеткізді. Қариннің пікірінше, қазір тақылаулар жаңғырып, жаңа үрдіске ие болған. Аталмыш пікірталас «Қазақстандық онлайн контенттің ерекшелігі неде?  Оны кім жасайды және қазақтілді БАҚ тауарларының экспорттық әлеуеті бар ма?» секілді сұрақтарды қарастырды. Қатысқан спикерлер: Мақпал Жұмабай – «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары; Ерболат Беделхан – Ninety One тобының продюсері; Айзатулла Хусейн – ÕZEN лейблінің негізін қалаушы; Алмас Жали – Brave Talents негізін қалаушы; Асхат Халимов – JKS ENTERTAINMENT серіктестігінің негізін қалаушы.

«Биыл біз пандемия кезінде Берлинде атақты JRS студиясымен бірігіп, «Қолынды бер» деген жұмыс жасадық. Біздің Maqpalsher-дің мақсаты – интеллектуалды қазақ өнерін насихаттау. Бүгін мына залда түрлі әңгімелер айтылып жатыр. 500.000 мың қаралым жинамасаң, сен нарыққа ілесе алмайсың. Иә, бізде 5000, 15000 қаралым, бізде 20 000 қаралым. Бірақ біз де нарықта болуға хақымыз бар деп есептеймін. Сол нарық үшін күресетін боламыз»,– деді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мақпал Жұмабай.

Сонымен қатар музыкадан бөлек, Қазақстанның тәуелсіз театр үрдісін алға тартатын екі кеңістік бар. Олар – Kundelik project және Фархат Молдағалиевтің Start Drama театрлары. Қазақ өнері сатылмайды, билеттер өтпейді деген тоқтаусыз сөккіге төтеп беріп, нарыққа шығып, монетизацияланды. Бұл арманға адалдықтық таптырмас көрінісі.

Қазіргі таңда музыка мен театрдан бөлек, TikTok пен блогерлердің дамуы жаңа сатыға көтерілді. Талантты тұлғалардың агенттігінің бір ортаға жинай алған тұлға Brave Talents негізін қалаушы Алмас Жали 95 пайыз эксклюзивті актерларды құрастыра алды. Оларға Zheka Fatbelly, Sekavines, Territima, Sabirkin сынды танымал блогерлер қауымдастығы жатады. Барлық коммерциялық сұрақ, басқа жұлдыздармен контент құру, жаңа жобалар осы Brave Talents арқылы өтеді екен. Бұл да күлегеш блогерлерге үлкен салмақ қосатын агенттік.

Тұңғыш TikTok алаңындағы продюссер, JKS ENTERTAINMENT негізін қалаушы Асхат Халимов айтуынша, аталмыш жоба тек TikTok алаңынан бөлек, Netflix сынды әлемдік компанияларға «Королева два раза» сериалмен серіктесуде. Сонымен қатар, YOLO House пен BIP House танымалдылығы әлем бойынша көштің алдына шығып, тарихи көрсеткіштер көрсетуде.

Жалпы аталмыш форум көптеген сұрақты қамтып, армандардың алға жетелейтін генератор екенін айқын дәлелдеуде. Кез келген жоба абсолютті нөлден көтерілді. Бастысы форумнан кейін көптеген жаңа идеялар алға тартылып, қазақтілді контенттің болашағы алда екенін көрсетті. Бір қызығы, қандай қауымдастық болмасын, ішіндегі таланттар тек жастардан тұрады. Бұл жастарымыздың келешегінің кең болатындығына сенім ұялатады.

Гүлжанат АМАНГЕЛДІ