Ақмола облысында әкесінің көлігін рұқсатсыз мінген 8-сынып оқушысы 15 жастағы жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды «ozgeris.info».
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Ақмола облысы Зеренді ауданы Шағалалы ауылында 8 сәуір күні сағат 21:25-те болған. Оқиға туралы Зеренді аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті фельдшер хабарлаған.
«8-сынып оқушысы әкесіне тиесілі «ВАЗ-21112″ автокөлігін рұқсатсыз мініп кеткен. Сөйтіп, дүкен маңынан өтіп бара жатқан 15 жасар жасөспірімді байқамай қағып кетеді. Зардап шегуші түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», — делінген ведомство хабарламасында.
Қазір бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігі «Жол жүру ережесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, көлік айыппұл тұрағына қойылды. Кінәлі баланың әкесін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.
«ozgeris.info»
ПІКІР ЖАЗУ