Әлеуметтік желіде тараған видеода келесі бір кеңес бергіш киімге қатысты тыйымдарын айтты деп жазады Democrat.kz.
Jurnalist.kz. деген атпен тіркелген ТикТок желісіндегі видеода аты-жөні көрсетілмеген келіншек:
«Ешқашан қайтыс болған кісінің киімін кимеңіздер. Киімде түрлі энергетикалар сақталып қалады. Марқұмның бүкіл энергетикасы, денсаулығына байланысты проблемалары, көңіл күйіндегі, жүйкесіндегі, өміріндегі бүкіл жағымсыз энергетика сізге ауысып өтуі мүмкін. Сондай-ақ сэконд-хендтен киім алмаңыздар. Басқа біреудің киімі арқылы сізге ол адамның жаман энергетикасы өтуі мүмкін. Мүмкін болса, киімді арнайы мата сатып алып, өзіңіз тіктіріп, жаңадан киіңіз», — дейді кеңес беруші.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру