Ақтөбеде кепілге алынған ерлі-зайыптыларды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

16 қаңтар күні туыстары өз үйінде кепілге алынып, арнайы операциямен құтқарылған ерлі-зайыптыларды ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Тilshinews.kz мәліметінше, өмірінің соңғы жылдарында Ақтөбенің Рысқұлбеков көшесінде тұрған әйел 66 жасқа толған. Ал оның жұбайы үш айдан соң 75 жасқа толуы тиіс болатын.

Ерлі-зайыптылар мен олардың 40 жастағы қызы 13 қаңтар күні кешкілік өз үйінде кепілге алынған. Күдікті өлімші етіп соққыға жыққан екі зейнеткердің бірі ауруханаға барар жолда, екіншісі ауруханада қайтыс болған.

Жеке үйге келіп, тұрғындарын кепілге алған 38 жастағы азамат арнайы операция кезінде ұсталды. Ал “онымен жақын қарым-қатынаста болды” деп айтылатын 40 жастағы әйел қазір ауруханада. Әйелмен психологтар жұмыс істеп жатыр. Ол шешесі мен өгей әкесінің қайтыс болғанынан бейхабар.