Қостанай облысында өрттен бес баласы көз жұмған әйел сотталып кетті

Фото: Pixabay.com

Өрт салдарынан бес баласын жоғалтқан Қостанай облысының тұрғынына сот үкім шығарды, деп хабарлайды облыстық соттардың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ozgeris.info тілшісі.

Қостанай облысы соттарының Telegram-арнасында бес баласы өрттен қаза тапқан Жітіқара ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралғаны хабарлады.

«Сотталушы балаларын үйде қараусыз қалдырып, үлкен ұлына күн суып кеткен жағдайда пешке отын тастауды бұйырған. Ұлы пештегі отын, көмір және тұрмыстық қоқыстарды өртеп жіберген, сонымен қатар ішінде белгісіз зат бар пластик бөтелкені лақтырып пешке салған. Салдарынан пештегі от жалынға ұласып, өрт шыққан. Сотталушының кінәсі оның мойындауымен, куәгерлердің сөздерімен, оқиға болған жерді қарау актісімен және сот-медициналық сараптама қорытындысымен дәлелденді», — делінген хабарламада.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі сотталушының асырауында кішкентай баласы болғандықтан, оны бас бостандығынан айырмай, басқа жаза тағайындауды сұрағаны атап өтілген. Сотталушының өзі де кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініп, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

«Жазаны жеңілдететін мән-жайға сотталушының шын жүректен өкінгені және жас баласының болуы жатады. Жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Жазаны жеңілдететін болған, ал ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда, жаза мерзімі Қылмыстық кодекс бабында қарастырылған ең ұзақ мерзімнің 1/2 бөлігінен аспауы керек. Осыған байланысты сот 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жас баласының болуына байланысты үкімнің орындалуын кейінгі шегерді», — делінген хабарламада.