Павлодарда үш жасар бала антидепрессантпен уланып қалды

Фото: naked-science.ru

Павлодарда фармацевттің қателігінен үш жасар бала антидепрессантпен уланды, деп хабарлайды «ozgeris.info» Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Анықталғандай, қала тұрғыны Лермонтов көшесіндегі дәріханалардың бірінде дәрігердің рецепті бойынша үш жасар балаға дәрі сатып алған. Дәрі қабылдағаннан кейін бала өзін нашар сезіне бастаған, құсқан. Әйел дереу жедел жәрдем шақырған.

Бала антидепрессантпен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Анықталғандай, фармацевт қателесіп,  басқа мақсаттағы дәріні  сатып жіберген.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы «Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

 

«ozgeris.info».


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…