«Қазақстан Халық партиясынан» сайланған Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 4 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігі Бюросының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 27 қаулысының негізінде Гаухар Шаймерденқызы Танашева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін жоғалтты деп танылсын», – делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ