Маңғыстау облысының прокуратурасы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметінде жер қойнауына сарқынды суларды ағызуды жүзеге асырудан, сондай-ақ тиісті лимиттерді белгілемей бұрғылау қалдықтарының жиналуынан көрінген өрескел бұзушылықтарды анықтады.
Прокурорлар қабылдаған шаралар бойынша соттың 04.12.2024 жылғы қаулысымен компания жалпы сомасы 31 млрд. теңге айыппұл сала отырып, ӘҚБтК-нің 328-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Осыған ұқсас мұнайды жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарылу фактісі анықталды.
11.12.2024 жылдың осы фактісі бойынша компания да әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 1,2 млрд. теңге сомасында айыппұл салынды.
ПІКІР ЖАЗУ