Қырғыз тарихшысы: Кенесарының басын әкелуге ат салысқандардың жартысы — қазақтар (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Airan өзінің кезекті шығарылымын көршілес қырғыз еліне арнады. Шығарылымда Қазақстан мен Қырғызстан салыстырмалы түрде қаралып, бір туғандарымыздың ерекшелігіне кеңірек тоқталған. Осы тұста сан ғасыр өтсе де басылмай тұрған Кенесары ханның Ресей жеріндегі басы да сөз болды, — деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Тарихта Кенесары ханның басын қырғыздық Ормон хан алды деген дерек бар.

«Біздің Ормон хан Кенесары ханды өлтіруге мәжбүр болған. Мен өз атымнан қазақ халқынан кешірім сұрағым келеді. Кенесары хан қазақ пен қырғыздың бірігіп Ресей империясына қарсы тұруын қалады. Бірақ біздің Шабдан батыр мен Ормон хан Ресейдің күші басымырақ деген пікірде болды. Олар Ресейге қарсы келсек, қазақтан да, қырғыздан да ешкім қалмайды деп ойлады. Тіпті қазақ сұлтандары да орыстарға қарсы келуді құптамаған», — деді Қырғызстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Қайратбек Примбердиев.

Кенесары ханның басын ресейлік генерал-губернотор П.Д Горчкаовқа не үшін берілгені туралы қырғыздардың өз нұсқасы бар.

«Біздің нұсқамыз бойынша, Рүстем мен Сыртбай өзара ақалдасқан. Олар Ресей империясына қарсы көтеріліске шыққаны үшін өз айыптарын Кенесарының басы арқылы жуғысы келген. Өйткені Кіші жүздің соңғы ханының басын әкеліп марапатталғандардың жартысы қазақтар», — деп түйіндеді қырғыз тарихшысы Элери Бетикчи.