Биыл елде зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер тағы 4%-ға индекстеледі. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды «ozgeris.info» тілшсі.
Былтырғымен салыстырғанда зейнетақы 11 %-ке, ал жәрдемақы көлемі 9 %-ке көтеріледі.
«Инфляцияның 8-ден 10 %-ке дейін өсуіне байланысты Үкімет осындай шешім қабылдады. Оны жүзеге асыру үшін бюджеттен 111 млрд теңге бөлінеді. Барлығы 4 млн 200 мың отандасымыздың зейнетақысы мен жәрдемақысы ұлғайтылмақ»,– деді ол.
ПІКІР ЖАЗУ