Қарақат Әбілдина отбасымен қасиетті Мекке қаласында Умра қажылығын өтеуде.
Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Баршаңызға Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Алланың қалауымен, бала-шағамызбен қасиетті жерге құлшылық етіп, Умра қажылық өтеуге ниеттеніп келдік. Алла қабыл еткендерден болайық», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары Қарақат Әбілдинаның бұл жазбасына түрлі пікір жазуда.
«Алла құлшылықтарыңызды қабыл етсін», «Сіз де орамал киіп кеттіңіз бе», «Осындай қасиетті жерге бала ертіп бару қаншалықты дұрыс? Олар әлі ештеңе білмейді ғой», «Барша тілегіңіз қабыл болсын», — деп жазды олар.
Әнші Instagram stories-те Меккедегі қазақтардан орамалына қатысты тек жақсы сөздер естіп жатқанын да жасырмады.
«Қымбатты оқырмандарым, менің орамалыма қатысты керемет сөздер айтылып жатыр. Бұл орайда сіздер не ойлайсыздар? Мына жақта қазақтар сіз орамалмен ерекшесіз, орамал жарасады, жас көрінесіз деп жатыр. Шын, келгелі макияж, прическа деп әбігер болмай, тап-таза күй кешіп, жаным да тәнім де демалып қалды. Осы тұрғыда сіздер не ойлайсыздар? Реакцияларыңызды білдіріп отырыңыздар. Орамалды қолдайсыз ба», — дейді әнші.
ПІКІР ЖАЗУ