ІІМ тергеуді 2024 жылдың соңына дейін аяқтау уәдесіне қарамастан, Шерзат Болаттың ісін тергеуді жалғастыруда.
«Ұрлық, бұзақылық, қорқыту және қылмыс туралы хабарламау фактілері бойынша қосымша 8 қылмыстық іс тіркелді. 11 айыпталушыға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды», — деп хабарлады «Қазақпарат» агенттігінің сауалына Алматы облысы ІІМ.
Шерзат Болат 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында ұрыс кезінде пышақпен өлтірілді. Ол 16 жаста еді. Аталған факті бойынша 5 қылмыстық іс қозғалып, 11 адам ұсталды.
ПІКІР ЖАЗУ