Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Ақпарат 9 қаңтарда сағат 9.55 келіп түсті.
«Баянауыл ауданының Майқайың кентінің тұрғындары жердің дірілін сезінді. Жағдайды анықтау барысында Қазақстандық ұлттық сейсмология орталығы берген координаттар тексерілді. Бұл геолокация Майқайың кентінен 15 км қашықтықта орналасқан. Тексеру қираулар мен салдарды растаған жоқ», — деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД.
«Майқайыңалтын» ЖШС жарылыс жұмыстарын 8 қаңтар күні жүргізгені және қауіпті аймақтың радиусы мұндай салдарға әкеп соқтыра алмағаны нақтыланған.
ПІКІР ЖАЗУ