Петропавлда өрт шығып, 68 адам эвакуацияланды

Фото: ТЖМ

Петропавлдағы Конституция көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан азық-түлік дүкенінен өрт шықты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

ҚР Төтеше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғындардың эвакуацияланды.

Зардап шеккендер турпалы ақпарат түскен жоқ.

ТЖМ құтқарушылары 68 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады.

Эвакуацияланғандарды жылыту үшін вахтовка жұмылдырылған.

Оқиға орнында ТЖД бастығының басшылығымен 3 өрт сөндіру учаскесі мен жедел штаб ұйымдастырылды. ТЖД психологтары да жұмыс істеуде.